02 Мамыр, 2015

Мемлекеттің даму ерекшеліктерін көрсететін реформалар

510 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Мурат БактиярулыӨткен сайлау қазақ­стан­дықтардың, оның ішінде қазақ ұлтының біртұтас ұлт болғандығын толық көр­сете білді. Өйткені, осы сай­лауда қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған сая­си белсенділік танытып, сайлау учаскелеріне барып, Елбасы Н.Назарбаевқа өз таңдауларын жасады. Сіздер жақсы білесіздер, сол сайлаудан кейінгі ма­ңызды оқиға – Президентті ұлықтау рәсімі. Осы рәсімде сайлауалды тұғырнамасы бойынша сөйлеген сөзінде Елбасы бес институттық реформаны жүзеге асыратын тетікті айтып берді. Жеке өз басым сенатор ретінде, саясаттанушы ретінде бұл бес реформа бес жылға емес, он немесе он бес жылға созылатын мемлекеттік құрылымды, жалпы мемлекеттің экономикасын әлеуметтік жағынан, саяси жағынан, мәдениет жағынан қамтитын үлкен сая­си реформа дер едім. Осыдан менің өзімнің түйгенім, 24 жылдың ішінде Қазақстан өтпелі кезеңді аяқтады деп айтуға болады. Қазақстан осы өтпелі кезеңде қазақ мемлекетін толық құра алды, бүкіл мемлекеттік институттарын толық ор­нықтырды. Қазақстан то­лыққанды біртұтас ұлт ре­тінде қалыптасты деп негіздеуге болады. Сон­дық­тан да енді алдағы реформалар мемлекеттің даму ерекшеліктерін көрсететін болады. Қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын жақ­сарту үшін Елбасы кешегі ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде айтқанындай, орта таптың жағдайын жасау қажет. Президент жанынан жаң­ғырту жөніндегі арнайы комиссия құрылатын болады. Ол комиссияға Қазақстандағы ең мықты саясаттанушылар, сарапшылар, керек болса, шетелден алдыңғы қатардағы мамандар тартылып, дамуға байланысты Ұлттық жоспар жасалды. Ұлттық жоспар – 100 қадам ретінде жан-жақты, бүкіл экономика, әлеуметтік сала бойынша жаңғырту барысында жұмыс жасайтын болады. Оған Ұлттық комиссия ғана емес, Қазақстанның барлық азаматтары тартылатын болады. Мен біз революциялық жолмен емес, эволюциялық, реформалық жолмен дамып келе жатқан мемлекет ретінде Қазақстан әр уақытта да болашағы жарқын әрі дәулетті ел қатарына қосылады деп толық сеніммен айта аламын. Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ, сенатор.