Қоғам • 29 Қаңтар, 2025

Су ресурстары саласы жыл соңына дейін цифрланады

1771 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су ресурстары және ирригация министрлігі жыл соңына дейін су ресурстары бойынша ақпараттық жүйе әзірлеуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Су ресурстары саласы жыл соңына дейін цифрланады

Фото: Ведомство

Сала ведомствосының баспасөз қызметінің мәлім етуінше ақпараттық жүйеге 17 736 өзен мен 2 949 шағын көл, Каспий және Арал теңіздерінің шекарасы, 8 су шаруашылығы бассейні, 77 су шаруашылығы учаскесі, 377 магистральды канал, 56 тоған, 297 су қоймасы және 548 бөгет цифрландырылып, енгізілетін болады. Аталған жұмысқа министрлікке қарасты Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы да тартылып отыр. Мекеме су шаруашылығы саласындағы барлық деректерді жинау және өңдеу, қысқа және ұзақ мерзімді болжам, модельдеу және басқа да жұмыстармен айналысатын болады.

«Жүйені енгізу су ресурстарын есепке алу және басқару үшін бірыңғай цифрлық платформа құруға, оларды пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ төтенше жағдайдың алдын алу үшін неғұрлым сапалы талдау мен болжам жасауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда суды есепке алу және су ресурстарының ағымдағы жай-күйін жедел мониторинг жасау үшін модульдерді әзірлеу аяқталып қалды. Бұл жұмыс аяқталғаннан кейін жүйені сынақтан өткізу және пайдаланушыларды оқыту жоспарланып жатыр», деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.