Қоғам • 29 Қаңтар, 2025

«Штрафстан». Депутат сәтсіз термин қолданғанын мойындады

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылдың 4 желтоқсанында «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев кәсіпкерлікке қатысты айыппұл мәселесін талқылау кезінде еліміздің «штрафстанға» айналып бара жатқанын айтқан болатын, деп жазады Egemen.kz.

«Штрафстан». Депутат сәтсіз термин қолданғанын мойындады

Фото: akzhol.kz

Ал күні кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәжбүрлеу шаралары болмаса, тәртіп орнату мүмкін емес екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанын айта келе, елімізді мазақ етуге бейім болу әрекеттерін сынады. Мемлекет басшысы осындай топ арасында өзін қоғам белсендісі санайтындар, шоу-бизнес өкілдерімен қатар депутаттар да бар екенін атап өтті. 

Мәжілісте «Сіздер штрафстан құрып жатырсыздар» деген Азат Перуашев сәтсіз термин қолданғанын мойындап, сабақ алғанын айтты. 

«Мен Қасым-Жомарт Кемелұлының пікірімен келісемін. Біз отанымызды сүйеміз. Ол туралы айтқан кезде өзгелердің қалай қабылдайтынын ескеруіміз керек. Кей мәселелерді шешу үшін айтқандарымыз мемге айналып жатады. Сәтсіз термин қолданғанымды түсінемін. Одан сабақ алдым. Парламентте отырғаннан кейін ресми тілде сөйлеуіміз керек», деді Азат Перуашев.