Үкімет • 29 Қаңтар, 2025

Үкімет Президент тапсырмаларын іске асыру бойынша жиын өткізді

95 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының биылғы 28 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет Президент тапсырмаларын іске асыру бойынша жиын өткізді

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Жиында Олжас Бектенов алдағы кезеңдегі жұмыстың басты бағыты азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған экономиканың өсуін қамтамасыз ету екенін атап өтті. Үкімет барлық бағыт бойынша жедел шешімдерді қабылдап, Президент тапсырмаларының уақтылы іске асырылуын қамтамасыз ететін болады.

«Біз инвестицияларды тарту, салық-бюджет саясатын және жер қойнауын пайдалану саласын реформалау, еліміздің бәсекелестік артықшылықтарын күшейту, іскерлік ахуалды жақсарту, инфрақұрылымдық және энергетикалық даму, цифрландырудың тұтас жүйесін және халықты әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қайта қарау бағытында белсенді жұмыс істеуіміз керек. Ол үшін Үкіметте өкілеттіктер жеткілікті. Министрлер мен әкімдер жедел шешімдер қабылдауға және қойылған міндеттерді іске асыруға толық жауапты болуға тиіс», деді Үкімет басшысы.

Премьер-министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан әрбір бағыт бойынша нақты нәтиже қажет.

Инвесторлардың нақты мәселелерін шешумен айналысып, әуре-сарсаңға салмай, керісінше – кәсіпкерлердің келуіне, дамуына, зауыттар, кәсіпорындар, өндірістер салуына көмектесу керек. Әрбір басшы мұны өз жұмысының басты қағидаты деп білуі тиіс. Тек нақты жұмыс қажет. Ескі, бюрократиялық жұмыс әдістерін, формализмді қолдана отырып, жаңа жағдайларда оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Мемлекеттік органдарға Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді сапалы орындауға көңіл бөлуді, басы артық қағазбастылықсыз және көпке созбай батыл шаралар қабылдауды тапсырамын. Біздің бәрімізден нақты нәтиже күтіп отыр», деді Олжас Бектенов.

Олжас Бектенов бюджеттік тәртіпті қатаң нығайтуға және мемлекеттік бюджетті басым бағыттар бойынша теңгерімді бөлуге баса назар аудара отырып, жұмыстың бірінші кезектегі бірқатар бағытына назар аударды.

Соңғы жаңалықтар

Жарқын достықтың жемісі

Көрме • 15 Ақпан, 2025

Қаламгердің Қарқара сапары

Руханият • 15 Ақпан, 2025

Ерекше саланың генералы

Тұлға • 15 Ақпан, 2025

Картоп неге қымбат?

Баға • 15 Ақпан, 2025

Әуе кемесіндегі ерлік

Құтқарушы • 15 Ақпан, 2025

Заманауи технология және жастар

Технология • 15 Ақпан, 2025

Адасқанның айыбы жоқ...

Мәселе • 15 Ақпан, 2025

Қызыл су ойдағы жұртты ойлантады

Төтенше жағдай • 15 Ақпан, 2025

Өңірдің дайындығы қандай?

Аймақтар • 15 Ақпан, 2025

Еңбек – табыс кепілі

Форум • 15 Ақпан, 2025

Сүйек обыры да емделеді

Медицина • 15 Ақпан, 2025