Оқиға • 30 Қаңтар, 2025

Абай облысында 106 адам эвакуацияланды

106 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жағдай түнде орындалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысында 106 адам эвакуацияланды

Фото: 112 KZ

Аягөз қаласы-Қалбатау ауылы арасындағы республикалық маңызы бар автожолда қозғалыс шектелуіне байланысты блокпостта 3 автобус тоқтап қалған.

ТЖМ құтқарушылары полицейлермен бірге автобустардан 92 жолаушыны ертіп, маңайдағы жылыту пункттеріне орналастырған, оның ішінде 20 бала.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оған қоса, жолдың аталған жабық учаскесінің арғы жағында шағын көлемді автобустың жолаушылары қиын жағдайға тап болып, 14 адам жылыту пунктіне орналастырылған.