Саясат • 31 Қаңтар, 2025

Бірлескен күш-жігер дамуға бастайды

519 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты. Жиында ЕАЭО шеңберіндегі мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Бірлескен күш-жігер дамуға бастайды

Шағын құрамдағы ЕҮАК отырысына Одаққа қатысушы елдер үкіметтері­нің басшылары: Роман Головченко (Беларусь Республикасы), Адыл­бек Қасымалиев (Қырғыз Республикасы), Михаил Мишустин (Ресей Федера­циясы), Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорян, ЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Олжас Бектенов Еуразиялық үкімет­аралық кеңес алаңындағы халықаралық диалогтің маңызды екеніне тоқталып, қабылданған шешімдер интеграциялық үдерістердің дамуына тың серпін беретініне сенім білдірді.

Өз кезегінде, Беларусь Республи­касының Премьер-министрі, ЕҮАК төрағасы Роман Головченко ЕАЭО елдерін тығыз экономикалық қатынастар мен ауқымды сауда айналымы байланыстыратынын атап өтті.

Төрағалық етуші тараптың мәліметін­ше, бүгінде Одақтың ІЖӨ тұрақты өсуді көрсетіп отыр. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Одақ экономикасының жұмыс істеуінің негізгі көрсеткіші шамамен 4%-ды құрайды. Сонымен қатар 2030 жылға дейін ЕАЭО шеңберінде экономикалық үдерістерді одан әрі дамыту туралы декларацияда, оның ішінде әлемдік экономиканы дамытудың соңғы үрдістерін, жаңа технологиялар мен инновациялардың пайда болуын ескере отырып, Одақтың жалпы көзқарасына жақындау үшін бірлескен күш-жігердің қажеттілігі аталып өтті.

Агроөнеркәсіп кешеніндегі өндірістің тұрақтылығын арттыруға және саланың инновациялық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруды қолдау тетігі талқыланды. Асылтұқымды мал шаруашылығын, ауыл шаруа­шылығы дақылдарының селек­­циясын, тұқым шаруашылығын дамы­­ту ретінде, мал шаруашылығы, ауыл шаруа­шылығы өнімдерін өңдеу, АӨК инфра­құрылымын кеңейту сияқты бағыттарға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ ЕАЭО интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамыту келешегі бойынша пікір алмасты. Аталған бағыт бойынша жұмысты жандандыру қажет екені аталып өтті.

ЕҮАК отырысы кеңейтілген құрамда жалғасады.