Оқиға • 31 Қаңтар, 2025

Алматыда тұрғын үйлердің бірінен жаңа туған сәби табылды

87 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы тұрғындары екі қабатты үйдің кіреберісінен жаңа туған сәбиді тауып алды. Мұны көрген адамдар дереу полиция мен жедел жәрдем шақырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда тұрғын үйлердің бірінен жаңа туған сәби табылды

КТК арнасының жазуынша, оқиға 30 қаңтар күні күндіз болған. Белгісіз біреулер сәбиді екінші қабаттағы пәтерлердің бірінің есігінің алдына тастап кеткен. Жаңа туған шақалақ жедел түрде ауруханаға жатқызылды, оның жағдайы ауыр деп бағаланды. Бала қазір жансақтау бөлімінде тыныс алу аппаратына қосылған.

Полиция қылмыстық іс қозғап, қыздың анасын іздестіріп жатыр.

«Жедел басқару орталығының мәліметінше, жаңа туған нәрестені Чернышевский көшесіндегі үйлердің бірінде тұратын тұрғындар тауып алған. Түрксіб аудандық полиция бөлімі тергеу амалдарын, сондай-ақ бірқатар жедел іс-шаралар жүргізіп жатыр», деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.