Президент • 31 Қаңтар, 2025

Президент Жапония Премьер-министрінің арнаулы кеңесшісін қабылдады

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Премьер-министрінің арнаулы кеңесшісі, Парламент Өкілдер палатасының депутаты Акихиса Нагашиманы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Жапония Премьер-министрінің арнаулы кеңесшісін қабылдады

Фото: Ақорда

«Қазақстан Жапониямен стратегиялық серіктестікті дамытуға ерекше мән береді. Екі ел арасында достық пен өзара түсіністікке негізделген тығыз ынтымақтастық орнаған. Біз «Қазақстан мен Жапонияның арасы алыс болғанымен, достығымыз берік» деп айтамыз», деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және ғылыми-техникалық байланыстарды кеңейтуге айтарлықтай әлеует бар екеніне тоқталды. Президент Қазақстан экономикасына тартылған жапон инвестициясының көлемі 8 миллиард доллардан асқанын айтты. Сондай-ақ еліміздің шетелдік инвесторларға, соның ішінде Жапонияның озық компанияларына қолайлы жағдай жасауға дайын екенін атап өтті.

Арнаулы кеңесші Президентке Жапония Премьер-министрі Шигеру Ишибаның ыстық ықыласын жеткізді, сонымен қатар Токионың қазақ-жапон сан қырлы қарым-қатынасын одан әрі жандандыруға бейілдігін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Акихиса Нагашима жоғары деңгейдегі саяси диалогты нығайтудың маңызын атап өтіп, сауда, энергетика, көлік, білім беру, мәдени-гуманитарлық салаларындағы, сондай-ақ климаттық өзгеріс мәселелері бойынша екіжақты өзара ықпалдастықты тереңдетудің перспективасын талқылады.

Соңғы жаңалықтар

Жылдам хабар алғызған

Руханият • Кеше

Азаматтық ерлік

Ғылым • Кеше

Ұлық ұлыстың алтыны

Жәдігер • Кеше