
Фото: shutterstock
3 облыста ауа райының бұзылуына байланысты жабылған осы үш жол бөлігін 1 ақпанда сағат 10:00-де ашу жоспарланған.
Жамбыл облысы: «РФ шек. (Жайсан ө\п) – Мәртөк – Ақтөбе (солтүстік айналма жолымен) – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент (солтүстік айналма жолымен) – Тараз (айналма жолымен) – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шек. (Нұр Жолы ө/п)» автожолының 143-214 шақырым аралығындағы учаскесінде (Алматы облысының шекарасынан Қордай ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылғанымен, бірнеше сағаттан кейін жеңіл көліктер үшін қозғалыс ашылды.
Алматы облысы: «Алматы-Тараз-Шымкент-Қызылорда-Ақтөбе» автожолының 59-143 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жаңақұрылыс ауылынан Жамбыл облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылғанымен бірнеше сағаттан кейін жеңіл көліктер үшін қозғалыс ашылды.
Абай облысы: «Қарағанды - Аягөз - Тарбағатай – Боғас» автожолының 383-900 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қайнар ауылынан Сәтбаев қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.