АСТАНА. 2 мамыр. Мексиканың Халиско штатында қарулы топ әскери тікұшаққа оқ атып, салдарынан үш жауынгер қаза тапты. Бұл туралы BBC хабарлады.
Сонымен қатар, әскерилер мен қарулы топтың қақтығысынан он жауынгер мен екі тәртіп сақшысы жарақат алды.
Айта кетейік, бұған дейін елдің Гвадалахар штатында да тәртіпсіздік орын алған болатын. Нашақорлар тобы көшедегі 10-ға жуық автокөлікті өртеп, жолдарды жауып тастады.
Штат әкімшілігінің хабарлауынша, аймақта әскерилер нашақорларға қарсы арнайы операция жүргізуде. Алайда, есірткі саудасымен айналысатындарды қолға түсіру әрекеттері көше тәртіпсіздігіне түрткі болуы әбден мүмкін. Жергілікті билік тұрғындарға үйлерін тастап кетпеулерін және тыныштық сақтауларын өтінген хабарлама таратты.
Талғат Райымбек.
Дерек: BBC.
Сурет: ria.ru.
• 02 Мамыр, 2015
Мексикада тікұшаққа оқ атылып, үш әскери қызметкер қаза тапты

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше