02 Мамыр, 2015

Бокс. Мэйвезердің салмағы Пакьяодан ауыр екені белгілі болды

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2-05-2015-box prof 01АСТАНА. 2 мамыр. Ертең таңда кәсіпқой бокстан америкалық Флойд Мэйвезер мен филиппиндік Мэнни Пакьяо арасында жекпе-жек өтетіні белгілі. «Ғасыр жекпе-жегі» атанған бұл айқасқа бүкіл әлем көз тігіп отыр. Кеше қарсыластардың салмақтары өлшеніп, екі боксшының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады. Салмақ өлшеу нәтижесі бойынша Мэйвезердің салмағы Пакьяодан 450 граммға артық екені белгілі болды. Яғни, АҚШ боксшысының салмағы дәл қазіргі таңда 146 фунт (66,22 кг.) болса, қарсыласының салмағы 145 фунтті (65,77 кг.) құраған. Аталған жекпе-жекте жартылай орта салмақтағы WBA, WBC және WBO тұжырымдары бойынша чемпиондық атақ сарапқа салынады. Кейбір деректерге сүйенсек, кездесуден түсетін табыстың жалпы көлемі 500 миллион доллардан асады. Бокс кеші АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында Астана уақыты бойынша 3 мамырда таңда өтеді. Бүгінге дейін Мэйвезер 47 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткенін айта кетейік. Ал 57 мәрте айқасқа түскен Пакьяо 50 жекпе-жегін жеңіспен аяқтаған. 2 мәрте тең нәтижеге қол жеткізген ол 5 рет қарсыласына есе жіберген. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: РИА «Новости».