Білім • 04 Ақпан, 2025

Педагогикалық университеттер бірлесіп Кәсіби даму орталығын ашты

81 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қыздар ұлттық педагогикалық университеті мен EdUHK бірлесіп, кәсіби даму орталығын ашты. Жоба Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және Гонконг білім университетімен бірлесіп құрылған EdUHK - білім академиясы аясында іске асты. Орталықтың ашылуы ғылым алмасуды тереңдету мен біліктілігі жоғары мамандарды даярлауға негіз болмақ. Жоба аясында STEAM-білім беруді, көшбасшылықты және бағалауды дамытуға ерекше назар аударылатын болады.

Педагогикалық университеттер бірлесіп Кәсіби даму орталығын ашты

Гонконг білім беру университетінің президенті, профессор Ли Чи Кин Джон Академияның болашақ ынтымақтастық үшін платформа болатынына сенім білдірді.

«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетімен ынтымақтастық орнатқанымызға ортақ мақсатқа күш біріктіру. Ондағы бағытымыз – мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыру, Қазақстандағы білім беру сапасын жақсарту, сондай-ақ Гонконг ААР (Қытай) мен Қазақстан арасындағы іскерлік байланысты дамыту. Гонконг университетінің көп жылдық тарихы бар және білім беру саласында рейтингі жоғары. Көшбасшылық, STEM білім беру және бағалау салаларында тәжірибеміз мол және осы бағыттарда білімімізбен бөлісуге, оқыту мүмкіндіктерін ұсынуға, сондай-ақ университеттермен бірлескен зерттеулер жүргізуге дайынбыз. Академияның болашақ ынтымақтастық үшін платформа болатынына сенімдіміз», деп атап өтті ол.

Қыздар университеті

QyzPU ректоры Гүлмира Қанайдың айтуынша, EdUHK – Қазақстан білім академиясы аясында мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында үш бағыт бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу жоспарлануда. Академия аясында мұғалімдердің біліктілігін арттыруға бағытталған бес оқу бағдарламасын әзірлеу жоспарланып отыр. Үш университет әзірлейтін бұл бағдарламалар халықаралық деңгейде сертификатталып, мектеп мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыруға көмектеседі.

«Abai University жасанды интеллект және инклюзивті білім беру бойынша негізгі бағдарламаларды әзірлейді. QyzPU көшбасшылық, STEAM-білім беру және бағалау мәселелеріне жауапты болады. Қазіргі уақытта елімізде 800-ден астам «Жайлы мектептер» салынуда. Осы мектептерге мамандар даярлау мен көшбасшылық бойынша курстар өткізу өте маңызды. Көшбасшылық бағыты бойынша қазіргі және болашақ мектеп басшыларының дағдылары мен білімін дамытуға көңіл бөлінеді. Сонымен қатар STEM-білім беруді дамыту, әсіресе қыз балаларды осы бағыттар бойынша оқыту – әлемдік тұрақты даму мен гендерлік теңдік мақсаттарының бірі. Осыған байланысты біз мұғалімдерге арналған STEM бағытындағы біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыруды және университетіміздің студенттері мен мектеп мұғалімдеріне арналған оқу бағдарламаларын жетілдіруді жоспарлап отырмыз. Үшінші бағыт – білімді бағалау жүйесін жетілдіру, бағалау түрлерін сыныптық, ұлттық және халықаралық деңгейде дамыту. Үш университет арасындағы бұл ауқымды бастама болашақта оң өзгерістерге алып келетініне сенімдіміз. Біз бұл бағдарламаларды мектеп мұғалімдеріне осы жылдың күзіне қарай ұсынуды жоспарлап отырмыз», деді ректор өз сөзінде.

QyzPU ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Закир Жұмақұлов атап өткендей, педагогикалық университеттердің миссиясы – мектептегі білімді жақсарту. Мектеп жүйесін алдыңғы қатарлы біліммен қамтамасыз ету үшін бірлесіп ғылыми зерттеулер жүргізу және үнемі жаңа білімнің шыңында болу керек. Осы себепті ғалымдар таңдалған бағыттар бойынша бірлескен зерттеулер жүргізетін болады. Жүргізілген жұмыстың нәтижесі еліміздің өңірлік жоғары оқу орындарының альянсын да қамтитын болады. Оған педагогика бойынша білім беретін 6 жоғары оқу орны кіреді.

Академиялық алмасу мен инновацияларды енгізуге бағытталған бұл бағдарлама заман талабына сай мамандар даярлауға үлес қосатын болады.

Соңғы жаңалықтар

Жылдам хабар алғызған

Руханият • Кеше

Азаматтық ерлік

Ғылым • Кеше

Ұлық ұлыстың алтыны

Жәдігер • Кеше