АСТАНА. 2 мамыр. АҚШ азаматтарының жартысынан көбі бұрынғы мемлекеттік хатшы, Демократиялық партия атынан ел президенттігіне өз кандидатурасын ұсыну үшін жұмыс жүргізіп жатқан Хиллари Клинтонға сенбейді. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Associated Press агенттігінің тапсырысы бойынша GFK фирмасы жүргізген сауалнама нәтижесінде ел азаматтарының 61 пайызы Хиллари ханымды әділ басшы санамайтыны белгілі болды. Ал халықтың 37 пайызы елдің бұрынғы бірінші ханымын жұмысына адал деп санайды.
Алдағы президенттік сайлауға өз кандидатурасын ұсынуын респонденттердің 44 пайызы «елдің дамуына тың серпін беретін бастама» деп бағаласа, 53 пайызы қарсы пікір білдірген.
Жалпы, Хиллари ханымның президент болу үшін жасап жатқан талпынысына америкалықтардың 46 пайызы оң қабақ танытуда. Ал 41 пайызы саясаткердің елді басқаруға қарым-қабілеті жетпейтінін айтқан.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: РИА «Новости».
• 02 Мамыр, 2015
АҚШ азаматтарының 61 пайызы Хиллари Клинтонға сенбейді

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше