Төтенше жағдай • 04 Ақпан, 2025

Жүк пойызы адамды қағып кеткен

79 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласында жүк пойызы қағып кеткен ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жүк пойызы адамды қағып кеткен

Фото: ашық дереккөз

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім болғанындай, оқиға 2 ақпан күні болған. 

«Аталған дерек Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде Қылмыстық кодекстің 344-бабы 2-бөлігіне (абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу) сәйкес тіркелді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жария етілмейді»,  деп хабарлады ведомстводан. 

Осы бапқа сәйкес айыпты деп танылған адам белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын ұшақта бомба бар деп әзілдеген жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар

Жылдам хабар алғызған

Руханият • Кеше

Азаматтық ерлік

Ғылым • Кеше

Ұлық ұлыстың алтыны

Жәдігер • Кеше