02 Мамыр, 2015

Ғалымдар қатерлі ісіктің алдын 13 жыл бұрын ала алады

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

01-05-15-dnk-1

АСТАНА. 2 мамыр. Қазір ғалымдардың қатерлі ісікті пайдд боларынан 13 жыл бұрын болжай алатыны анықталып отыр. Бұл туралы Башкортостанның ufatime.ru сайты хабарлады. «Ғалымдар ракты ресми диагностика жасалауынан 13 жыл бұрын болжауды үйренді», - делінген хабарламада. АҚШ-тың Гарвард және Солтүстік-Батыс университеттері мамандары талдап жасап шыққан жаңа тест адам организмінде болатын өзгерістерді он жылдан астам уақыт бұрын-ақ білетін болып шықты. Зерттеушілер рак ауруымен ауыруы ықтимал пациенттердің хромосының соңындағы қорғаныс қалпақшаларының басқаларға қарағанда тезірек жарамсыз болып қалатынына көз жеткізді. Олардың ДНК-сындағы қорғаныс белдеулері әдеттегі қалпынан 10-15 жылға ескі болып көрінеді екен. Университеттің жетекші маманы және зерттеу авторы, доктор Лифан Хоудың айтуына қарағанда, мұндай заңдылық рак ауруының алдын алудағы жаңа диагностикалық биомаркер болуы әбден мүмкін. Мұрат Айтқожа. Дерек: ufatime.ru. Фото: abibiometrics.com.