02 Мамыр, 2015

Орыс ғалымы Марстағы өмірге қалай бейімделуге болатынын тапты

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

01-05-15-mars_1

АСТАНА. 2 мамыр. Ресей ғалымдары Марстағы тіршілікке қалай тез бейімделуге болатынын ойлап тапты. Бұл туралы ufatime.ru сайты хабарлады. Архангельск қаласында тұратын зерттеуші Александр Попов бұл үшін алдымен Қызыл планетаға көмірқышқыл газын жіберуді ұсынады. Оның ойынша, бұл мұндағы ауаны жылытады екен. Александр Попов мұны Марстың қазіргі атмосферасының жылуды ұстап тұруға қауқарсыз екенін алға тарту арқылы ұсынып отыр. Ал жылуды сақтатып қалу үшін оған парникті әсер жасау керек. Егер шаңды боран кезінде саз балшықты минерал мен ас тұзын қыздырса, одан көмірқышқыл газы шығады да атмосфераның көлемі ұлғайып, планетаның жоғарғы қабаты жыли түседі. Ғалым қазір өзінің идеяларын талдап жасауға грант алды. Роспатент өзінің бұл жобасын «ғарыш ортасындағы параметрлерді модификация жасау саласындағы өнертапқыштық» деп атап отыр. Мұрат Айтқожа. Дерек, сурет: ufatime.ru.