Экономика • 05 Ақпан, 2025

Қазақстан мен Өзбекстан сауданы дамытуға арналған орталық құрады

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжілісте екі ел арасындағы «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының қызметін реттеу туралы келісім ратификацияланды, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан мен Өзбекстан сауданы дамытуға арналған орталық құрады

Фото: kazgazeta.kz

Орталық өнеркәсіптік кооперация экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталады. Сондай-ақ, тараптардың шағын және орта өнеркәсіптік кәсіпорындарын халықаралық құн тізбегіне біріктіріп,  бәсекеге қабілеттілігін арттырады деп жоспарланып отыр. 

Орталық алаңы 500 шаршы метр алаңды құрайды. Олар әр мемлекеттің өз құзырына берілді. Яғни біздің бөлікті басқару ҚР Сауда және интеграция министрлігіне, ал өзбек бөлігі Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, индустрия және сауда министрлігіне жүктелді. 

Сауда нысаны «Атамекен» (Қазақстан) және «Гүлістан» (Өзбекстан) бақылау-өткізу бекеттері маңындағы елдердің шекаралас аймақтарында орналасады.

«Олар орталықтың бір бөлігінен екінші бөлігіне өтетін адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді, тауарлар мен жануарларды шекаралық, кедендік және басқа да бақылау түрлерін жүргізу үшін пайдаланылады. Орталық аумағында шаруашылық субъектілері өндірістік кооперацияны дамытуға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылады», делінген Мәжіліс хабарламасында.