АҚТАУ. 2 мамыр. Маңғыстау облысы Форт-Шевченко қаласында Каспий теңізінде жүзетін кемелердің барлық түрі жөнделетін болады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Индустриялды-инновациялық дамудың екінші бесжылдығына кіретін жобаны «Саға аташ» кеме жөндеу-құрылыс кәсіпорны қолға алмақ. Кәсіпорын басшылығы кемелерді жөндеуге, қалпына келтіруге мүмкіндік беретін жаңа докты орнатып қана қоймай, кеме құрылысымен де айналысуды жоспарлауда. Келешекте аталған кәсіпорында отандық кеме өндірісі дамуы мүмкін. Өндірісті жаңғыртуға кемесін жөндеу ісіне сұраныстың артуы себеп болған. Мамандар жаңа жобаға 20 млн. доллар қаражат жұмсалады дегенді алға тартуда.
«Болашақта Каспий теңізінде пайдаланылатын барлық кемеге қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін 8,5 мың тонналық жүкті көтеруге қауқарлы док сатып алуды жоспарлап отырмыз. Корпусты механикалық цех тұрғызған соң, кемені өзіміз жасап шығаратын боламыз», – дейді «Саға аташ» кәсіпорны директорының орынбасары Сақын Ағаев.
Қазір өндірісте 90 адам еңбек етеді. Келешекте кеме жөндеу кәсіпорнының қызметін кеңейту, жаңа жұмыс орындарын ашып, жұмысшылар санын 200-ге дейін арттыру жоспарда бар.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 02 Мамыр, 2015
Форт-Шевченко қаласында кеме жөндеу кәсіпорны салынуда

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше