Оқиға • 06 Ақпан, 2025

Кен орнынан газ ұрлап жүргендер ұсталды

1233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысындағы компаниялардың бірінің қызметкерлері «әлеуметтік» санатқа жататын газды ұрлаумен шұғылданған, деп жазады Egemen.kz.

Кен орнынан газ ұрлап жүргендер ұсталды

Фото: polisia.kz

Олар кен орнындағы есепке алынбаған газды жинақтап, кейін теміржол арқылы тасымалдап келген. Облыстық полиция басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары бірлесіп, олардың қылмыстық схемасын ашып, тосқауыл қойды. 
Мамандар кен орнына апарар жолда ұрланған газ құйылған 12 вагонды тапқан. 


«Осы қылмыстық іске қатысты сараптамалар тағайындалды, нәтижесі бойынша келтірілген шығынның сомасы белгіленеді. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр», деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.