Қоғам • 07 Ақпан, 2025

Түркінің ең үздік драматургі

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның мәдени астанасы Ыстанбұл қаласында халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы мен Түркия театрлар қауымдастығы және «Театр» газетінің ұйымдастыруымен түркі елдерінің театр қайраткерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Түркінің ең үздік драматургі

Алқалы жиынға Түркияның белді де белгілі театр саң­­лақтары мен дүние­нің төрт бұ­ры­шынан құрметті қонақ­тар қа­тысты. Театр өнеріндегі әр ата­лым бойынша жеңімпаздар анық­талып, жүлделер тапсырылды. Ха­лық­аралық мәртебелі байқаудың қа­зы­лар шешімімен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Думан Рамазанға «Түркі әлемінің ең үздік драматургі» атағы берілді. Марапатты салтанатты жиында халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев пен «Театр» еларалық басылымының бас редакторы Нұрхан Услу тапсырды.

«Думан Рамазанның драмаларымен бұрыннан таныспын. Драманың қыр-сырын жетік білетін, ой-орамын тереңдеткен мықты драматург. Тарихи тақырыпта да, қазіргі заман туралы да әбден зерттеп-біліп жазады. Оның соңғы жылдары ұлттық сахнада жа­саған тарихи полотнолары бүгінгі театрдың биігіне сайма-сай. «Керей - Жәнібек», «Абылай ханның арманы», «Жошы хан» және басқа да тарихи драмаларында ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерге деген тарихи көзқарасты қапысыз бейнелеген. Қалеки сахнасында қойылған «Жошы хан» тарихи драмасы қазақ мәдениетіндегі жаңа кезеңнің басталғанын паш етеді», деді Сұлтан Раев.

 

Соңғы жаңалықтар

Қоғам сұранысын дөп басты

Пікір • Бүгін, 08:45

Қайым айтыстың хас шебері

Айтыс • Бүгін, 08:43

Жасанды жүрек

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:35

Аудармашы құлаққап

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30