ПЕТРОПАВЛ. 2 мамыр. Облыстық тәртіптік кеңес мүшелері күн тәртібіне ұсынылған мәселелерді талқылай келіп, екі шенеунікті қызметтен босату жөнінде шешім алды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облыстық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
«Жас натуралистер стансасы» коммуналдық кәсіпорнына қатысты қаралған мәселе бойынша көптеген заңсыздықтардың беті ашылды. Атап айтқанда, мекеме басшысы Ғалым Темірбеков жақын туысының жұмыста болмағанына қарамастан еңбек табелін толтыртып, жалақы төлеттірген. Жеке кәсіпкерлердің иелігіне гараж жалға берілген. Қаржы саласында да олқылықтар орын алған. Сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін оны лауазымнан шеттету туралы ұсыныс бірауыздан қолдау тапты.
Сол сияқты облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары орындалмаған тапсырмаларға жалған акт толтырып, мердігерлік ұйымға көпе көрінеу артықшылықтар жасағаны үшін қызметінен аластатылатын болды.
Тәртіптік кеңес отырысында Тайынша аудандық оқу бөлімі жетекшісінің бұрын сыбайлас қылмысқа ұрынған тұлғаны мектеп директорлығына тағайындаған әрекетіне лайықты баға беріліп, қызметінен төмендетуге ұсыныс жасалды.
Өмір Есқали.
Дерек: Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің баспасөз қызметі.
Сурет: egemen.kz
• 02 Мамыр, 2015
Солтүстік Қазақстанда сыбайлас қылмысқа жол берген тұлға басшы болып тағайындалған

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше