АСТАНА. 2 мамыр. Ұлыбритания ханзадасы Уильям екінші рет әке атанды. Бүгін оның әйелі, Кембридж Герцогинясы Кейт Миддлтон қыз баланы дүниеге әкелді. Бұл туралы vesti.ru хабарлады.
Аталған деректі Уильям ханзада мен Кейттің ресми резиденциясы Кенсингтон сарайы да растап отыр. Сарай қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, жаңа туған нәрестенің салмағы 3,6 кило болған. Дәрігерлердің айтуынша, қазір ана мен сәбидің денсаулығы жақсы.
Патшайым Елизавета ІІ-ге шөбересінің дүниеге келгені туралы хабарды дереу жеткізген. Сәбидің есімі туралы нақты дерек әлі айтылған жоқ. Десек те, букмекерлік орталықтар ең танымал есімдердің тізімін жасап, бәс қабылдауды бастап кетті. Әзірге Алиса есімі көш бастап тұр.
Дүние есігін жаңа ашқан кішкентай ханшайым Ұлыбритания тағының төртінші мұрагері болды. Оның алдында атасы Чарльз ханзада, әкесі Уильям ханзада және туған ағасы Джордж ханзада бар.
Уильям ханзада мен Кейт Миддлтонның үлкен ұлдары Джордж ханзада осы жылдың шілде айында екі жасқа толатынын айта кетейік.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: vesti.ru.
• 02 Мамыр, 2015
Ұлыбритания тағының тағы бір мұрагері дүниеге келді

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше