
Фото: qamqor.gov.kz
«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Тимур Садвакасовты пара беруге итермелеу және алаяқтық жасады деген күдікпен іздестіріп жатыр. Бұл қылмыстық іс заңсыз пайдалы қазбалар өндіруге байланысты қозғалған», делінген ресми ақпаратта.
Естеріңізге сала кетейік, Тимур Сәдуақасов 2019 жылдың 18 ақпанында Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.