
Әйелдер арасында конькимен жүгіруден командалық із қуу жарыс жолына Кристина Силаева, Дарья Важенина және Надежда Морозова шықты.
Қортындысында, Қазақстандық қыздар 1 минут 30.12 секунд нәтиже көрсетіп үшінші орыннан көрінді.
Ал оңтүстік Корея алтын медаь, Қытай құрамасы күміс жүлде еншіледі.
Айта кетейік, Қазақстандық шорт-трекшілер бүгін ел қоржынына алғашқы алтын медаль және бір күміс жүлде салған еді.
Сондай-ақ, Аяна Жолдас Ябули тау шаңғы курортында өткен әйелдер арасында фристайл акробатика сынында үшінші орыннан көрінді.