
Фото: instagram.com/polisia_kostana
Оқиға түнде қаладағы шағын ауданның бірінде болған. Облыстық полиция басқармасының хабарлауынша, жүргізуші шақыртылған мекен-жайға досымен келген. Олар сапар барысында жолаушымен жанжалдасып, көліктен түсіп ұрып-соққан. 19, 22 жастағы қала тұрғындары жолаушының құны 650 мың теңге тұратын телефонын тартып алған.
Полиция істі тергеу барысында күдіктілердің телефонды бөлшектеп 100 мыңға сатып жібергенін анықтаған.
«Тонау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», делінген полиция хабарламасында.