АСТАНА. 2 мамыр. Бүгін баскетболдан ВТБ Бірыңғай лигасында ел намысын қорғайтын «Астана» командасы сайыстың плей-офф бәсекесіндегі алғашқы ойынын өткізді. Мәскеуде жергілікті ЦСКА-мен күш сынасқан баскетболшыларымыз азулы қарсыластарынан 58:103 есебімен ойсырай жеңілді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Кездесудің алғашқы екі кезеңінде астаналықтар айтарлықтай қарсылық көрсеткен еді. Тіпті алғашқы кезеңде үш ұпай айырмасымен ғана (24:27) жеңілген «Астана» екінші кезеңде 18:20 есебімен есе жіберді.
Ал соңғы екі кезең тек ЦСКА-ның қалауымен өтті. Ойынның үшінші бөлігінде мәскеуліктер 25:9 есебімен жеңіске жетсе, соңғы кезең алаң иелерінің пайдасына 31:7 есебімен аяқталды.
Ойын барысында ең көп ұпай жиған ойыншылар Нандо де Коло (ЦСКА) мен Джерри Джонсон («Астана»). Екеуі де 40 минуттың ішінде еншілеріне 17 ұпайдан жазды.
Осылайша, қос команда арасындағы жалпы есепте ЦСКА алға шықты (1:0). Келесі матч 4 мамырда Мәскеуде өтеді.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: vtb-league.com.
• 02 Мамыр, 2015
Баскетбол. ВТБ лигасы. «Астана» плей-оффты ірі жеңіліспен бастады

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше