02 Мамыр, 2015

Гавай аралдарындағы жағажайда зейнеткерге акула шабуыл жасады

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
03.05.2015-akulaАСТАНА. 2 мамыр. Гавай аралдарына қарасты Мауи аралының жағалауында зейнеткерге акула шабуыл жасап, салдарынан 65 жастағы Маргатер Крус қаза тапты. Бұл туралы lenta.ru хабарлады. Маргатер Крус үнемі суға шомылғанды ұнатады екен. Інісінің айтуынша, Крус әдеттегідей достарымен жағажайға барып суға шомылған. Сол сәтте оған акула шабуыл жасап, денесінің жоғарғы бөлігіне ауыр жарақат келтірген. Салдарынан зейнеткер оқиға орынында қаза тапты. Айта кетейік, құтқарушылар Крусті су жыртқышының тісінен араша түсіп, жағаға алып шыққанымен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Қазіргі таңда полицейлер жағажайды уақытша жауып, тергеу амалдарын жүргізуде. Жалпы тәртіп сақшылары осы аталған аралда бұған дейін де адамдарға акуланың шабуыл жасағанын хабарлады. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: lenta.ru.