Теннис • 12 Ақпан, 2025

Бенчичке әлі жетпеді

741 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біріккен Араб Әмірлігі­­нің астанасы – Абу-Даби­де жүлде қоры 1 064 510 дол­ларын құраған WTA тур­ни­рі өз мәресіне жетті. Жа­рыста еліміздің екі тен­­­­нисшісі бақ сынады.

Бенчичке әлі жетпеді

Алғашқы айналымда бос болған Юлия Путинцева келесі кезеңде чехиялық Маркета Вон­дроушеваға жол берді. Елена Рыбакина америкалық Кэти Волынец пен мысырлық Онс Жаберді жеңгенімен, жартылай финалда Белинда Бенчичтен ұтылды. Кезінде әлемдік рейтингте төртінші орынға дейін көтерілген Швейцария өкілінің мықты ойыншы екені шүбәсіз. Ол US Open додасының жартылай финалына шыққан, WTA тур­нирлерін тоғыз рет ұтқан. Десек те соңғы үш-төрт жылда Белинда қарқынын біраз бәсеңдетіп алып, қазіргі кезде үздіктер тізімінде бар-жоғы 65-орында тұр. Міне, сол спортшыға Еленаның әлі жетпе­ді, есеп – 6:3, 3:6, 4:6. Осы жеңіс Бенчичті қанаттандырса керек, финалда АҚШ теннисшісі Эшли Крюгерді 4:6, 6:1, 6:1 есебімен қапы қалдырды.

Еске сала кетейік, Е.Ры­ба­кина былтыр осы турнирде топ жарған болатын.