03 Мамыр, 2015

Оралдың «Ақжайық» командасының экс-ойыншысы Сирияда жүр

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
03.05.2015-aibekАСТАНА. 3 мамыр. «Ақжайық» футбол командасының бұрынғы ойыншысы Айбек Губайдуллин халықаралық іздеуде жүр. Дегенмен, тәртіп сақшылары Айбектің осы кезде Сирия елінің аумағында жүргенін мәлімдеді. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Айбек Губайдуллинге осы жылдың 12-қаңтарында іздеу жарияланған болатын. Полицейлердің айтуынша ол Сирия аумағындағы әскери қақтығысқа қатысы бар көрінеді. Сол себептенде құқық қорғау органы экс-ойыншыны террорлық әрекетпен байланыстырып, Қазақстан Республикасы қылмыстық кодекстің 257-бабы, 2-тармағы бойынша күдікті деп таныған. Дегенмен, полицейлер оны әзірге ұстай алмай отыр. Олардың айтуынша күдікті Сирия аумағындағы террорлық топқа қосылған. Айта кетейік, Айбек Губайдуллинге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 233-бабы, 2-тармағы бойынша айып тағылып, 31-желтоқсанында қамауға алу жөнінде санкция берілген. Алайда, полицейлер сол күні күдіктіні тұтқындай алмаған. Өйткені, ол–Қазақстаннан ізін суытып үлгерген. Талғат Райымбек. Дерек: Батыс Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметі. Сурет: «Мой город»