Оқиға • 12 Ақпан, 2025

Елордада 450 млн теңгенің тауарын ұрлағандар ұсталды

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалалық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратураның көмегімен ірі сауда желілерінің біріне тиесілі түрлі техниканы ұрлау схемасын жойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада  450 млн теңгенің тауарын ұрлағандар ұсталды

Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, қылмыстық топ сауда желісінің бұрынғы қызметкерлерімен келісе отырып, электрондық сату жүйесіне заңсыз кіру мүмкіндігін пайдаланып, екі жыл ішінде жалпы сомасы 450 млн теңгеден астам тауарды ұрлаған. Қылмыстық жолмен алынған техника еліміздің бірнеше қалаларында сатылған.

«20-дан астам тінту іс-шаралары өткізілді, 120-дан астам түрлі техника, оның ішінде белгілі өндірушілердің ондаған ұялы телефондары, ірі көлемде ақша, травматикалық тапаншалар және әртүрлі калибрлі патрондар тәркіленді», деді  ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Аталған оқиғаға қатысты  аса ірі мөлшердегі ұрлық және алаяқтық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.