Оқиға • 12 Ақпан, 2025

Үкімет он үш нысанның құрылысына қаржы бөлді

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет Семей қаласындағы 100 орындық медициналық-әлеуметтік мекеменің құрылысына 2,6 млрд теңге бөлді, бұл азаматтарды сапалы медициналық көмекпен қамтуды арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет он үш нысанның құрылысына қаржы бөлді

Фото:Үкіметтің баспасөз қызметі

Бүгінде Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар 13 нысанның құрылысына шамамен 59,4 млрд теңге бөлді. Олардың қатарында Атырау облысындағы Жамансор, Жетісу облысының Рудничный және Көксай, Ұлытау облысындағы Мыңадыр және Қаражал ауылдарындағы мектептер, Түркістан облысы Темірлан ауылындағы музыкалық мектеп, Ақмола және Алматы облыстарындағы Зеренді және Жалағаш ауылдарындағы спорт кешендері, Риддердегі көпсалалы аурухана кешені, Шымкенттегі жатақхана, Ақтөбе мен Петропавлдағы 2 балабақша бар.

«Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңда көзделген субъектілердің қаражаты есебінен Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған спорт кешені, Астана қаласында тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Алматыда ерекше қажеттіліктері бар жандарға арналған жаттығу орталығының құрылысы жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.

Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады.