Оқиға • 12 Ақпан, 2025

Екі елдің Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары келіссөздер жүргізді

66 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Қазақстан мен Ресей Қауіпсіздік кеңестерінің аппараттары арасында кеңейтілген жоспарлы консультациялар өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі елдің Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары келіссөздер жүргізді

Фото: Ақорда

ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов пен РФ Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу  екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында тараптар халықаралық және өңірлік қауіпсіздік саласының қазіргі ахуалын қарастырып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бірлескен іс-қимылды күшейтуге қатысты қажетті шаралар жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар Қауіпсіздік кеңестерінің аппараттары арасындағы консультациялар қабылданған ынтымақтастық жоспарына сәйкес тұрақты негізде өтетіні атап өтілді.