АСТАНА. 3 мамыр. Грузия тарихында алғаш рет қорғаныс министрі қызметіне әйел адам тағайындалады. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили үш министрліктің басшысы ауысатынын айтты. Ол Қорғаныс министрлігіне Тина Хидашелиді ұсынса, жастар ісі және спорт министрі қызметіне Тариэл Хичикашвили тағайындалмақ. Ал Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар министрлігін Гигла Агулашвили басқаратын болды.
«Тина Хидашели еуроинтеграция бойынша парламент комитетінің төрайымы. Оның саясатта, соның ішінде әскерилердің құқығын қорғау саласында тәжірибесі мол», – дейді Гарибашвили.
41 жастағы Хидашелидің мамандығы заңгер. 2012 жылдың қазан айынан бастап парламент депутаты, осы жылдың наурыз айынан еуроинтеграция бойынша парламент комитетінің төрайымы қызметтерін атқарып келеді.
Алайда, Грузия президенті Георгий Маргвелашвили министрлерді тағайындауды 1 апта кейінге шегерді. Ол қорғаныс министрінің соңғы кезде жиі ауысқанын сынға алды. Сондай-ақ, парламент пен премьер-министрге соңғы бір аптада үкімет мүшелерін толық жасақтау туралы тапсырмалар жүктеді.
Тина Хидашели әлем бойынша қорғаныс министрі қызметіне тағайындалатын 6-шы нәзікжанды екенін айта кетейік. Бүгінге дейін мұндай жайт 5 рет тіркелген.
Еламан Қоңыр.
Дерек: ТАСС.
Сурет: polit.ru.
• 03 Мамыр, 2015
Грузияда Қорғаныс министрлігін әйел адам басқаратын болды

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше