Оқиға • 13 Ақпан, 2025

Атырауда баланы тепкен тәрбиешіге үкім шықты

723 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда 5 жасар бүлдіршінге қатыгездік көрсеткен жеке балабақша тәрбиешісінің ісі бойынша сот үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

Атырауда баланы тепкен тәрбиешіге үкім шықты

Фото: Ашық дереккөз

Іс Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған. Іс материалдарына сәйкес, мұғалім сабақ үстінде баланы ұрып-соққан. Нәтижесінде сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша баланың оң жақ санында көгерген із қалғаны анықталған. 

Тәрбиешіге қатыгездік танытты деген айып тағылып, жиналған материалдар негізінде оның кінәсі толық дәлелденген.

Прокурор  сотталушыға белгілі бір лауазымдарды немесе қызметпен айналысу құқығынан 3 жыл мерзімге айыра отырып, 80 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу жазасын тағайындауды сұраған.

Сотталушы мен оның қорғаушысы өз кінәсін толық мойындап, кешірім сұрап, қатаң жаза қолданбауды өтінген. Жәбірленуші тарап та жазаны жеңілдету туралы  өтініш білдірген.

Сот құқық бұзушылықтың сипатын, оның қоғамдық қауіптілік дәрежесін, сотталушының жеке басын, отбасылық жағдайын ескерген.

Нәтижесінде Сот тәрбиешіні ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танып, оған педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуімен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан 1 жыл мерзімге айыра отырып, 80 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (314 560 теңге) айыппұл жазасын тағайындады. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.