03 Мамыр, 2015

Бұхарада бірінші рет отандық экомобиль таныстырылды

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

03-05-15-ekomobil

АСТАНА. 3 мамыр. Өзбекстанның Бұхара облысының әкімшілік орталығында отандық жаңа экомобиль таныстырылды. Бұл туралы 12news хабарлады. «Біздің автопромның тұсаукесері Бұхарадағы халықаралық өнеркәсіп жәрмеңкесі мен кооперациялық биржаның аймақтық кезеңінің аясында өтті», - делінген хабарламада. Атап өту керек, өзбек-америкалық GM Uzbekistan біріккен кәсіпорны өткен жылдың күзінен бері газбен жүретін автомобильдің 50 пайызын шығаруды жоспарлаған болатын. Ал Avtosanoat-Landi Renzo атты өзбек-итальян бірлескен кәсіпорны алдағы қазан айына дейін газ баллондарымен жабдықталған 1 500 автомобильді сатуға шығаруды межелеп отыр. Мұрат Айтқожа. Дерек, сурет: anons.uz.