
Ақпан айының екінші аптасында бүкіл әлемде атап өтілетін Қауіпсіз интернет күні цифрлық технологияларды, әсіресе жастар арасында, қауіпсіз әрі жауапты пайдалануға назар аударуға бағытталған.
Қауіпсіздікті сақтау мақсатында TikTok әлемдегі ең инновациялық технологияларды қолданып, ондаған мың кәсіпқой мамандардың қызметіне жүгініп отырғаны белгілі. Атап айтқанда, платформаның 24/7 форматындағы модерациясы Қауымдастық ережелерін бұзатын бейне-контентті жояды және ашықтықты сақтау аясында TikTok тоқсандық есептерінде жойылған контент санымен бөлісіп отырады. Мәселен, 2024 жылы Қазақстанда Қауымдастық нұсқауларын бұзғаны үшін 6,5 миллионнан астам бейне жойылған (өткен жылы 4 миллионнан астам бейне жойылған). Мысалы, бейнебаяндардың 95%-ы бірден, яғни оларға шағым түспей тұрып, 80%-ы платформа пайдаланушылары көрмей тұрып жойылды. Ал 930 мыңнан астам тікелей эфир ереже бұзғандықтан бұғатталды.
Қазіргі таңда платформа кәмелетке толмаған қолданушылардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударатындықтан, модераторлар тобы 13 жасқа толмағандардың есептік жазбаларды анықтап, жойып отырады. Мәселен, 2024 жылы Қазақстанда 13 жасқа толмаған қолданушылардың 1,9 миллион есептік жазбасы жойылды.
TikTok елімізде цифрлық сауаттылық негіздерін оқытатын бастамаларға белсенді инвестиция салуды жалғастырып жатыр десек, 2023 жылы платформа «Қауіпсіздік академиясы» ауқымды жобасын іске қосты, оның шеңберінде қолданушылар өздерін онлайн-буллингтен, басқа да цифрлық қауіптерден қалай сақтануды, онлайн және оффлайн өмірдің тепе-теңдігін қамтамасыз етуді, фейктерді шындықтан ажырату сынды нәрселерді үйренген көрінеді.
Қауіпсіз интернет күніне орай TikTok танымал контент авторлары жасаған «Ең Алдымен Қауіпсіздік», қазақ тілінде оқытатын бейнебаяндарды жаңа сериясын іске қосты. Мәселен, @_danoochkaa қауымдастық ережелерін бұзуы мүмкін котенттерге шағым жіберу керектігін еске салса, @saykachuu платформада кез келген жеккөрушілік, кемсітушілікке тыйым салынатынын, @nurqojadua алаяқтарға алданбауды, @medet.jan ата-аналарға жасөспірім балалардың қауіпсіздік баптауларын бақылауға мүмкіндік беретін «Отбасы баптаулары» құралын еске түсіреді. Сол сияқты @aqolek өзгелерді қорлап, масқаралайтын, @aitoqueen TikTok тек 13 жасқа толғандарға арналғанын баяндайды.
Сондай-ақ Astana Hub IT-стартаптардың халықаралық технопаркі жоба серіктесіне айналды және оның командасы киберполиция кейіпкерлері қызықты экшн-форматта пайдаланушыларды әртүрлі цифрлық қауіптерден құтқарып отыратын CyberКүзет атты бейнероликтер сериясын жасап шығарған.