Спорт • 14 Ақпан, 2025

Хоккейші қыздар Харбин-2025 ойындарының күміс жүлдегері атанды

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін шайбалы хоккейден еліміздің әйелдер командасы Оңтүстік Кореядан 3:0 есебімен басым түсіп,  IX қысқы Азия ойындарының күміс жүлдесін еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Хоккейші қыздар  Харбин-2025 ойындарының күміс жүлдегері атанды

Фото: Сали Сабиров

Жалпы Қазақстан осы бәсекеде Қытайдың Гонконг (12-0), Таиланд (9-0), Қытайдың Тайпейі (5-1), Қытай (2-1), Оңтүстік Корея (1-0) командасын ұтып, тек Жапонияға (0-4) жол берді.

Бұл – хоккейден әйелдер құрамасының Азия ойындарындағы 7-ші жүлдесі (3 алтын, 3 қола) және соның ішіндегі алғашқы күміс медалі.

Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасы тарихындағы ең ірі жеңіс осы Оңтүстік Кореямен байланысты. 2003 жылғы ақ Азиадада біздің хоккейшілер бүгінгі қарсыластың қақпасына жауапсыз 19 шайба салған.