03 Мамыр, 2015

Ошта қарақшылық жасады деген күдікпен екі қазақстандық ұсталды

243 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

03-05-15-osh-1

АСТАНА. 3 мамыр. Қырғызстанның Ош қаласы аэропортында қарақшылық шабуыл жасауға қатыстары бар деген күдікпен екі қазақстандық ұсталды. Бұл туралы AkiPress хабарлады. Анықталған мәліметтер бойынша, 2014 жылдың желтоқсан айында Ош қаласындағы аэропортта қарақшылық шабуыл жасау кезінде 6 млн. 871 мың 378 доллар ақша қолды болған. Мұны Қырғызстан парламенті «Ата Мекен» фракциясының отырысында ішкі істер министрлігі бас тергеу басқармасының бастығы Талант Уметалиев мәлімдеді. Оның айтуына қарағанда, жүргізілген зерттеу шаралары барысында куә ретінде 150 адамнан мәлімет сұралған. Ақырында сәуір айының аяғында осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен екі қазақстандық азамат және туристік фирманың жетекшісі ұсталған. «Рахманқұлов, Сырғабаев, Закиров ұсталды, бұдан бөлек тағы қазақстандық екі азаматтың осыған қатыстары барлары анықталды, оларға іздеу жарияланды. Қазір олардың қолға түскендері жөнінде ақпар келіп отыр. Енді халықаралық келісім бойынша келіссөз жүргізіп жатырмыз», - деді Т.Уметалиев. Айта кетейік, оқиға 2014 жылдың 27 желтоқсаны күні орын алған. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің униформа мен бетперде киіп алған 6 адам «Тойота Эстима» маркалы автомашинамен келіп, «Ош» аэропортының бір бөлмесіне қарулы шабуыл жасайды. Олардың қолдарында Калашников автоматы болады. Белгісіз кісілер сол жерден ішінде 5 млн. 679 мың доллар ақшасы бар 5 үлкен сөмкелерді алып кетеді. Бұдан бөлек, кепіл ретінде «Асман-Тур» туристік фирмасының директоры Руслан Кулатовты өздерімен бірге әкетеді. Қолға түскен азаматтардың бәрі Баткен облысының тұрғындары болып шықты. Құрыш Нұрымбет. Дерек, сурет: AkiPress.