Талбесік • 15 Ақпан, 2025

Қанаттылар қорғаны

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көзге көріне бермейді ғой. Әйтпесе, Алтайдың қойын-қолат, орман-тоғайын 305 құстың түрі мекен етеді екен. Оның 28 түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген. Катонқарағай Ұлттық мемлекеттік паркі аумағындағы бұл құстарды орнитолог, фотограф Владимир Воробьевтің зерттеп жүргеніне неше жылдың жүзі болды.

Қанаттылар қорғаны

«Менің арманым – үлкен құралай құсының ұясын тауып алу. Елімізде сирек кез­десетін бұл құстың ұя­сын ешкім көрмеген. Зей­нет­кер­лікке таяғанда Ұлттық парк­ке орнитолог болып жұ­мысқа орналасқанмын. Қа­зір зейнеткермін. Жалпы, құстарды зерттеумен 2009 жылдан бері айналысып келемін»,  дейді табиғат жа­нашыры Вла­димир Во­робьев.

пр

Орнитолог азаматтың ат­қарып жүрген жұмы­сы өте көп. Алтайдың қанат­ты­ларын түгендеп, олар­ды суретке түсіру оңай ша­руа емес. В.Воробьевтің өз ісіне берілгендігі сондай, қалтасында соңғы тиын қал­са да, жұмысына ай­нал­­ған ермегіне жұмсаған. Қай­­бір жылдары бәленбай миллио­н теңгеге алысты көз алдыңа әкелетін фотоаппарат сатып алып, Алтайдағы құс біткенді түгендеген.

ап

Зейнетке шыққан соң, ол сирек кездесетін құстарды зерттеуге кіріскен. Олардың мекенін, тыныс-тіршілігін бақылап, ғылымға орасан зор үлес қосты. Владимир Михайлович Алтай ұлары мен дөңтұмсық тұрпан секілді сирек кездесетін екі құсты «Қызыл кітапқа» енгізуге ықпал еткен.

ап

Айта кетерлігі, 19 ақпан – Халықаралық орнитологтер күні. Осы орайда қанаттыларға қорған болып жүрген табиғат жанашырларының ең­бек­теріне сәттілік тілейміз.

 

Шығыс Қазақстан облысы