АЛМАТЫ. 3 мамыр. Тбилиси полициясы елдегі «Еркін аумақ» атты мемлекеттік емес ұйымның қозғалыс белсенділерін қамауға алды. Еріктілер республика аумағына келіп кірген ресейлік байкерлерге мотоциклге байлаған георгиевтік лентаны өз қолдарымен шешуге мәжбүрлеген. Одан соң лентаны аяқтың астына салып, таптаған. Бұл туралы «Грузия онлайн» хабарлады.
Қалалық полиция қозғалыс белсенділерімен 20 минуттық түсіндіру әңгімесін өткізген соң, босатқан. Орыс байкерлеріне күш көрсеткендер ішінде грузиялық жас жігіт Ираклий Кантарияның есімі дүркіреп тұр. Себебі ол – Рейхстагқа Ту тіккен кеңестік жауынгерлердің бірі – атақты Мелитон Кантарияның немересі.
Бірқатар басылымдар Ресейге қарсы бұл науқанның әрекетін «Ұлттық бірлесу партиясының» іс-қимылдарымен байланыстып отыр. Ол партияның жетекшісі Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили болып табылады.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: «Грузия онлайн».
• 03 Мамыр, 2015
Грузиндер орыс байкерлерін «Георгий лентасын» шешуге мәжбүрледі

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше