
ТЖМ мәліметінше, Чкалов көшесінде бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкенде тоңазытқыш пен кассалық аппарат өртенген.
«Жедел келген өрт сөндірушілер 5 ш.м. алаңдағы өртті сөндіріп, жоғарғы қабаттардан 25 адамды, оның ішінде 7 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.
Өрт орын алған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз!» - делінген хабарламада.