26 Маусым, 2010

ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

485 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Баспасөз күніне орай Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті “Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары” атты республикалық конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізді.Бұл конкурсқа еліміздің қоғамдық өмірінде мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту мен мәртебесін нығайту бағы­тын­да мемлекеттік тілдің ахуалы ту­ра­лы өткір де өзекті сыни мате­риалдар жариялаған жекеле­ген тілшілер мен шығармашы­лық топтар және бұқаралық ақпарат құралдары қатысқан болатын. “Үздік басылым”, “Үздік те­ле­арна”, “Үздік радио”, “Үздік сайт” және “Үздік автор” номинация­лары бойынша жеңімпаз атан­ған­дар министрліктің арнайы дип­лом­дарымен және қаржылай сый­лықтармен марапатталса, бір топ журналист бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан арнайы кәдеге ие болды. Сондай-ақ Мә­де­ниет министрлігі еліміздің руха­ни өміріне атсалысқан бұқаралық ақпарат өкілдеріне “Мәдениет қайраткері” төсбелгісін табыс етті. Әріптестеріміз – “Егемен Қазақ­стан” республикалық газетінің жауапты хатшысы Жанат Елшібек пен газет шолушысы Сүлеймен Мәмет “Мәдениет қайраткері” белгісінің иесі атанды. Берік САДЫР.