Мәдениет • 17 Ақпан, 2025

Сауық Жақанова туралы «Сахара сандуғашы» кітабы жарық көрді

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Ұлттық кітапханада қазақ радиосының белгілі дикторы, Қазақстан мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті тұлғаның 80 жылдық мерейтойына орай «Сахара сандуғашы» кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сауық Жақанова туралы «Сахара сандуғашы» кітабы жарық көрді

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Сауық Жақанова өзінің көп жылдық ел мәдениетіне сіңірген еңбегі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.

Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, радио және телевизия қызметкерлері, журналистер, диктордың туыстары мен жақындары қатысты.

Жиында Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты оқылды.

«Сіздің еліміз үшін сіңірген еңбегіңіз қазақ халқының тарихында алтын әріптермен жазылды. Радио, білім саласына қосқан үлесіңіз орасан зор. Қазақ радиосының сандуғашы атанып, жарты ғасырға жуық эфирде үздіксіз қызмет етіп, тыңдармандардың жүрегіне жол таптыңыз. Дикторлық шеберлігіңіз, эфирдегі ерекше үніңізбен қатар, өнегелі өмір жолыңыз ұрпаққа үлгі. Жұртшылық Сізді өз ісінің майталманы ғана емес, көптеген шәкірт тәрбиелеген ұлағатты ұстаз ретінде де ерекше құрмет тұтады», делінген хатта.

«Сахара сандуғашы» кітабында Сауық Жақанованың өмір жолы, радио мен теледивизиядағы шығармашылығы, сондай-ақ оқытушылық қызметі туралы баяндалады.