АЛМАТЫ. 3 мамыр. Ресей Федерациясы Президенті әкімшілігінің жетекшісі Сергей Иванов: «Әлем жұртшылығы – Қызыл алаңда Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай өтетін әскери шерудің бұрын-соңды болмағанына куә болады», – деп мәлім етті. Бұл туралы Russia Today хабарлады.
Салтанатты шеру Мәскеу уақытымен таңғы сағат 9:00-де басталады. Шеруге 15 мың адам қатысады. Салтанат – тарихи бұрынғы және қазіргі деген екі бөлімнен тұрады. Қызыл алаңнан бұдан 70 жыл бұрынғы кеңестік әскери киім үлгісіндегі жауынгерлер сол кездегі жауынгерлік туларды көтеріп, жүріп өтеді. Соғыс кезіндегі әскери техниканың үлгісі көрсетіледі.
Сондай-ақ, Сергей Иванов: «Жерде – қазіргі заманғы Ресей Қарулы Күштерінің қуатын көрсету мақсатында алаңға РС-27 «Ярс» зымырандық кешендері, дәлдігі зор артиллериялық қондырғылар бой көрсетсе, көкте – Су-30, Су-35 секілді ультра-заманауи ұшақтар жұрттың назарына түсетін болады»,– деді. Жалпы шеру өткізу үшін бұл науқанға Ресей 28, 5 миллиард рубль бөлді. Оның 12,5 миллиарды соғыс және тыл ардагерлеріне мерекелік бір реттік сыйақы ретінде төленеді.
8-10 мамыр аралығында Мәскеуде өтетін бұл Жеңіс шеруі мерекесіне дүние жүзінің 30 елінен мәртебелі меймандар, БҰҰ мен ЮНЕСКО және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: Russia Today.

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше