Оқиға • 17 Ақпан, 2025

Қарағандыдағы 46 кеншінің қазасына қатысты іс сотқа жолданды

96 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада 46 кеншінің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыдағы 46 кеншінің қазасына қатысты іс сотқа жолданды

Фото: rawpixel

«Бас прокуратура арнайы прокурорларының басшылығымен ВЖТТ Костенко шахтасындағы 46 кеншінің қазасына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. 10 айыпталушыға қатысты іс тау-кен жұмыстарының қауіпсіздік ережелерін бұзу (ҚК 277-бабының 3-бөлігі) бойынша сотқа жолданды», делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға Костенко атындағы шахтада 2023 жылдың 28 қазанда болды. Жарылыс кезінде кеніште 252 адам болған, оның ішінде 206-сы жер бетіне шығып үлгерген, ал қалғандары қаза тапты.