Төтенше жағдай • 18 Ақпан, 2025

«Қазақмыс» қаза тапқан кеншілердің отбасына көмек көрсетеді

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақмыс» ұжымдық келісім-шартта көзделгендей, «Жомарт» кенішінде қаза тапқандардың отбасына барлық қажетті көмекті көрсететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақмыс»  қаза тапқан кеншілердің отбасына көмек көрсетеді

Фото: Мария Рузматова

Әлеуметтік және материалдық қолдау мақсатында, соның ішінде моральдік зиянды өтеу үшін, қаза тапқандардың отбасына жұмыскердің орташа жылдық жалақысының 10 еселенген мөлшері және 2 миллион теңгеден астам жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға төленеді.

Сондай-ақ асыраушысынан айырылу жағдайына ай сайынғы төлемдер, балалардың оқу ақысын төлеу, қаза тапқан жұмысшылардың несие және қарыздарын жабу, сондай-ақ отбасы мүшелерінің өтініші бойынша басқа да көмек түрлері қарастырылған.