АСТАНА. 3 мамыр. 25 сәуірде Непалда болған жойқын жер сілкінісі әлемдегі ең биік шың – Эверестке де өз залалын тигізді. Бұл туралы The Huffington Post басылымына сілтеме жасап, lenta.ru хабарлады.
UNAVCO геофизикалық зерттеу консорциумы таратқан деректерге сүйенсек, табиғат апаты салдарынан Эверестің биіктігі 1 дюймге (2,54 см.) шөккен. Мамандардың мұндай қорытындысы 29 сәуірде Джомолунгманың үстінен өткен «Страж-1» еуропалық Жер серігінің мәліметтеріне негізделген.
Қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша біріккен зертеу институтының қызметкері, профессор Роджер Билхамның бағамдауынша, аталған шың әрі кетсе 1-2 миллиметрге шөккен. Есесіне, Гималайда орналасқан Аннапура тау сілемі зілзаладан кейін 20 сантиметрге биіктеген.
Германияның аэроғарыш орталығы да Непалдың жер бедері өзгеріске ұшырағанын айтты. Олардың дерегі бойынша, ел астанасы – Катманду маңайында 2,5 мың шаршы шақырымды құрайтын аумақ бұрынғы деңгейінен 3 футқа (шамамен 91 сантиметр) биіктеген.
Ғалымдар аймақтағы рельефтің мұншалықты өзгеруін зілзала салдарынан жер қабаттарындағы қысымның әлсіреуімен түсіндіруде. Жерасты дүмпуіне дейін геологиялық платформа қатты қысымнан сығылып тұрған. Ал жер сілкінген кезде қысым әлсіреп, салдарынан жоғарғы қабатта өзгерістер пайда болуда.
Айта кетейік, Непалдағы зілзала соңғы 80 жылдағы жойқын апат ретінде тіркелді. Рихтер шкаласы бойынша 7,9 балдық дүмпуден 7 мыңнан астам адам қаза тапты. Жергілікті билік апат құрбандарының саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтуда.
Еламан Қоңыр.
Дерек: lenta.ru.
Сурет: putidorogi-nn.ru.
• 03 Мамыр, 2015
Непалдағы зілзала салдарынан Эверестің шөккені анықталды

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше