
«Біз ұрықтандырудың табиғилыққа барынша жақындатуға мүмкіндік беретін Piezo ICSI әдісін белсенді түрде енгізіп жатырмыз, сонымен қатар эмбриондарды талдауда жасанды интеллект қолданамыз», дейді маман.
Маманның айтуынша, емхана аналық жасушалар мен эмбриондарды криоконсервациялауды қолдануды кеңейтіп отырса, бұл әйелдерге ұрпақты болу жасушаларының сапасын жоғалтпай босануды кейінге қалдыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ Алматыда тұқым қуалайтын ауруларды жоққа шығаруға мүмкіндік беретін соңғы зертханалық диагностикалық әдістер, имплантацияға дейінгі генетикалық тестілеу бағдарламалары, жыныс жасушаларын криоконсервациялау әдістері енгізіліп жатқанын да айта кеткен жөн.
«Технологиялардың дамуы мен қаланың ғылыми әлеуетінің арқасында біз талай отбасына сәбилі болуға көмектесіп қана қоймай, генетикалық патологияға байланысты қауіптердің алдын аламыз», деп атап өтті маман.