
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Қарағанды облысында жолдарда көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман түседі.
Ұлытау облысындағы жолдарда көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен батысында тұман түседі.
Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні секундына 17-22 метрге дейін жетеді.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ. Облыстың солтүстік-шығысында, орталығында тұман.
Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-ке, ал түнде 25 м/с-ке жетеді.
Қызылорда облысының шығысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр жауады, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші - 15-20 м/с.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі деп күтілуде.