03 Мамыр, 2015

Оңтүстік Қазақстанда жас келіншек екі қызын буындырып өлтірді

267 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

03-05-15-arest-1

АСТАНА. 3 мамыр. Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында жас келіншек кішкентай екі қызын буындырып өлтірген. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады. «Оңтүстік Қазақстанның Сарыағашында жас келіншек екі кішкентай қызымен есеп айырысты. Олардың бірі – тоғызда, екіншісі – он бірде. Балаларын өлтіруші әйел қамауға алынды. Оның бұлардан басқа тағы бір ұлы бар», - делінген хабарламада. Сарыағашта болған қанды оқиға жұртты қатты теңселтті. Әсіресе, екі қыз бала оқитын мектептегілер мұны қалай бағалауды білмей, дал болуда. Ең сұмдығы сол, екінші сыныпта оқитын Балым мен бесіншіде оқитын Аманкүлді туған аналары тұншықтырып өлтірген. Мұны естіген балалар да, оқушылар да қатты қапа болып отыр. «Мен бұған байланысты ештеңе айта алмаймын, бәрінен бұрын қыздарға обал болды. Әйелді бұған не мәжбүр етуі мүмкін? Мен тіпті де білмймін, айтарға сөзім жоқ, оның мұны қалай жасағанын да түсінбеймін», - деді мектеп директоры Ләзакат Тағаева. Қыздарын өлтірген Феруза үш баласымен сол бөлмеде тұрыпты. Оның тағы бір қызын әжесі мен атасы бағып отырған көрінеді. Ал балалардың әкелері бұдан 7 жыл бұрын қайтыс болыпты. Содан бері жесірліктің кебін киіп келе жатқан әйел кондитер цехында жұмыс жасап, күнін әзер көріп келеді екен. Көршілері Ферузаның қарызға батып қалғанын айтады. Ал полицейлерге қыздарын қайтіп өлтіргенін айтып жүргенінде әйел мұндай өмірден шаршағанын да жеткізіпті. Қылмысты оқиға орын алған бөлме айрап-жайрап жатыр екен. 33 жастағы Феруза туралы көршілрі көп нәрсе айта алмады. Олар тек оның ешкіммен жақын достасып кетпенін келтірген. Сондай-ақ ешкіммен ұрыспаған да көрінеді. Ана ретінде қатал болған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері әйелдің қыздарын ерлер галстугымен буындырғанын болжап отыр. Полиция бұдан артық ештеңе айтып отырған жоқ. Қазір тек оның тұтқынға алынғаны ғана белгілі. Атасы мен әжесінің қолындағы үлкен қызынан бөлек, тоғызыншы сыныпта оқитын ұлы да бар. Сол бала үйде не болғанын бірінші болып көріпті. Қазір бала туыстарының қолында тұрып жатыр. Онымен психологтар жұмыс жасауда. Құрыш Нұрымбет. Дерек, сурет: КТК